A brief history of chess - Alex Gendler

A brief history of chess - Alex Gendler

SUBTITLE'S INFO:

Language: Kazakh

Type: Human

Number of phrases: 78

Number of words: 514

Number of symbols: 3148

DOWNLOAD SUBTITLES:

DOWNLOAD AUDIO AND VIDEO:

SUBTITLES:

Subtitles prepared by human
00:00
Аудармашы: Жарас Джайлыбаев Редактор: Askhat Yerkimbay Жаяу әскер аяғын нық басып алға жылжуда, пілдер қорғаныс шебін талқандады. Патша шегінуге тырысқанымен жаудың атты әскері артынан қыспаққа алды. Қашып құтылу мүмкін емес. Бұл шын соғыс емес, жай ойын да емес. Пайда болғанына бір жарым мың жылдай болса да шахмат әскери стратегия құралы, адам ісінің теңеуі, зияткерліктің өлшеміне айналды. Ежелгі шахмат жазбалары VII ғасырда кездескенімен, аңыз бойынша, ойын бір ғасыр ерте шыққан. Болжам бойынша Гупта патшалығының кіші ханзадасы соғыста өлгенде ағасы қайғырған шешесіне баласының өлімін хабарлаудың амалын іздейді.
01:00
Бұрын танымал ойындар ойналған 8x8 «аштапада» тақтасында екі мақсатқа негізделген жаңа ойын пайда болды: әртүрлі фигуралардың әртүрлі жүрісі, тағдыры ойынның нәтижесін анықтаған жалғыз патша. Ойынның негізгі аты «чатураңа» санскрит тілінде «төрт бөлік» деген мағына береді. Ойын Сасанидтер әулеті билеген парсыларға таралғанда жаңа атау мен ұғымға ие болды – «шахмат», «шах» немесе патша, «мат» – «талқандау». яғни «дәрменсіз патша». VII ғасырдан соң арабтар парсыларды жаулап алғаннан кейін ислам әлемі шахматпен танысты. Тактикалық ойыннан бөлек, уақыт өте келе шахмат көркем бейнелердің мол қорына айналды. Дипломаттар, сарай қызметкерлері билікті сипаттау үшін шахмат терминдерін қолданды. Билеуші халифтер шахмат ойнауға құмартты.
02:03
Тарихшы әл-Масуди сәтті ойынды адам еркіндігінің белгісі деп бағалаған. Орта ғасырда Ұлы Жібек жолы бойымен ойын Шығыс пен Оңтүстік-шығыс азияға тарап, көптеген жергілікті нұсқалары пайда болды. Қытайда шахмат фигуралары жергілікті «Го» ойынындағыдай ішінде емес, тақтадағы шаршылардың қиылысында орналасты. Әмір Темір билеген моңғолдарда қауіпсіз шаршылары цитадель деп аталған 11x10 тақта пайда болды. Ал жапондардың шоги ойынында қарсылас жеңген фигураларымен ойнай алды. Бірақ Еуропада шахмат жаңа сипат алды. Бірінші мыңжылдықта шахмат сарайда берілетін білімнің бір бөлігіне айналды. Шахмат әртүрлі әлеуметтік топтарды кейіптеу үшін қолданылып, фигуралар өзіндік маңызға ие болды. Сол кездерде шіркеу ойынға күдікпен қарады.
03:06
Діндарлар шахматқа көп уақыт бөлмеуді ескертті, тіпті бір кездері Францияда шахматқа тиым салды. Ойын кең таралып, XV ғасырда бізге белгілі қазіргі формасы қалыптасты. Салыстырмалы түрде әлсіз уәзір күшті патшайымға айналды, бәлкім күшті әйелдердің билікке келуі әсер еткен шығар. Өзгеріс ойын қарқынын арттырып, басқа да ережелер қалыптасып, дебют пен эндшпильге талдау жасайтын еңбектер пайда болды. Шахмат теориясы дүниеге келді. Ағартушылық дәуірде шахмат патша сарайынан кофеханаға ауысты. Шахмат батыл жүрістер мен тартымды ойыннан гөрі шығармашылық сипатқа толы болды. 1851 жылы «Мәңгілік ойында» Адольф Андерсен екі ладьясы мен ферзін құрбан қылып, мат қойғаннан кейін
04:07
«романтикалық» стильдің танымалдығы арта түсті. XIX ғасыр соңында ресми шахмат жарыстарының өтуі стратегиялық есептеудің ойын-сауықтан басым көрсетті. Халықаралық бәсекелестік арта түскенде шахмат та геосаяси маңызға ие болды. «Қырғиқабақ» соғыста Кеңес одағы дарынды шахматшыларды қолдауға көп қаржы бөліп, өткен ғасырдың әлем біріншіліктерінде көш бастады. Бірақ орыс шеберін өзге елдің ойыншысы емес Deep Blue деген IBM компьютері жеңді. Шахматшы компьютерлер он жылдай жетілдірілді, бірақ 1997 жылы Гарри Каспаровты жеңген Deep Blue әлем чемпионын жеңген тарихтағы тұңғыш машина болды. Бүгінде шахмат бағдарламасы әлемнің кез келген үздік ойыншысын жеңуге қауқарлы. Өздері дамытқан ойын сияқты
05:08
машиналар да адамның өнертабысы. Бәлкім осындай өнертабыстар бізді шах пен маттан құтқарар жолды табар.

DOWNLOAD SUBTITLES: